Оразаның шарттары мен тіректері

  1. Ислам дінін ұстану

Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Кім иманға қарсы шықса, сонда оның амалы жойылды және ол Ақыретте де зиян шегушілерден болады» әл-Мәида» сүресі, 5-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Расында, саған да, сенен бұрынғыларға да: «Егер Аллаһқа ортақ қоссаң, әлбетте амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың», — деп уахи етілді» («әз-Зүмар» сүресі, 65-аят).

  1. Тыйылу

Оразаны бұзатын жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты кез-келген нәрселерден тыйылу оразаның шарты болып табылады (“Тухфатул-фуқаһа” 1/537).

  1. Уақыт

Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін ұстау жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «…ал сосын түнге дейін ораза тұтыңдар», — деген («әл-Бақара» сүресі, 187-аят).

  1. Ниет

`Умар ибн әл-Хаттабтан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адамға ол қол жеткізуге ниеттенген нәрсесі ғана тиеді» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Бұл ұлы хадис Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген амал жарамсыз болып табылатынына әрі ықылассыз амал істеуші адам осы дүниеде де, Ақыретте де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайтынына нұсқайды.

Имам Ибн әл-Мунзир былай деген: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады» деген сөздері амалдардың барлық түрлеріне нұсқайды, әрі осыда ешбір амал үшін: мейлі ол міндетті немесе ерікті болсын — ерекшелеу жоқ» (“әл-Әусат” 1/371).

5. Ораза ұстауға қабілетті болу

Бұл жерде ораза ұстау үшін қажетті денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккірден (хайз) және босағанан кейінгі қаннан (нифас) тазару туралы айтылуда (қараңыз: “Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

Share

You may also like...