Рамазан айының келуімен құттықтау туралы

Көрнекті ғалым шейх Салих әл-Фаузан

Пәтуаның нөмері: 1744

Cұрақ: Рамазан айы келгенде біз адамдардың бір-біріне береке тілейтінін жиі көріп жатамыз. Олар: «Мәбрук `аләйка шәһру рамадан» (Рамазан айы құтты (берекелі) болсын!), — деп жатады. Шариғатта бұның негізі бар ма?

Жауап: «Рамазанның келуімен құттықтаудың ешқандай айыбы жоқ. Себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын рамазанның келуімен сүйіншіліген, әрі оларды ізгі амалдарды барынша көп жасауға ынталандырған. Аллаһ Тағала былай деді: “Айт: «Бұл –Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі. Олар осыған қуансын, өйткені бұл олардың жиған-тергендерінен де қайырлы» ” (Юнус, 58).

Осы айдың келуімен құттықтау және сол үшін қуану жақсылыққа ұмтылуды білдіреді. Әрі біздің сәлафтар (ізгі алдынғы ұрпақтар)Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі алып, бір-бірін осы айдың келіуімен сүйіншілеген. Сәлманның ұзақ хадисінде келгендей, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, адамдар! Сендерге берекелі ай келді…» , — деген».

Мақаланың арабша түпнұсқасы мына жерде:

http://www.sahab.net/forums/showthread.php?t=370906

Әнас ибн Мәлик былай деген: «Рамазан келгенде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Расында, сендерге осы ай келді! Онда мың айдан да артық бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады. Ал оның игілігінен нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!”, — деді» (Ибн Мәжаһ 1/289. Сенімділігін хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани растаған. Қараңыз “әс-Силсила әс-сахиха” 1307).

Хафиз ибн Ражаб былай деді: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын рамазанның келуімен құттықтайтын. Ғалымдар: «Бұл хадис, адамдардың бір-бірінрамазан айның келуімен құттықтасуына рұқсат етілгеніне негіз болып талады», — деген» (Қараңыз: “әл-Ләтаиф” 279).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Share

You may also like...