Шәууал айындағы ораза туралы

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан соң:

Абу Аюб әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Рамазан айында ораза ұстап, содан соң оған шәууал айының алты күнінде (ұсталатын) оразыны қосса, сол бір жыл бойы ораза ұстаған секілді болады», — деп айтқаны жеткізіледі. Муслим 1164.

Осы алты күнде ораза ұстау, бұл туралы көптеген хадистерде айтылатынындай, Сүннет болып табылады, әрі сондықтан да ешкім бұл мәселеде шәууал айының оразасын Сүннет деп санамаған имам Мәликке ілесуге құқықты емес. Шәууал оразасы туралы хадистер оған жетпеген болуы әбден ықтимал, өйткені мұны оның мына сөздерінен түсінуге болады: “Маған сәлафтардың ешбірінен шәууал айындағы ораза туралы (хабар) жетпеді, әрі ғалымдар бұл оразаны ол бидғат болуы мүмкін деп сөгетін”. Қз.: “әл-Мууатта” 228.

Сондай-ақ бұл күндерде ораза ұстауды имам Абу Ханифа да құпталмайтын амалдарға жатқызған. Алайда әлдебір нәрсе туралы білімнің болмауы сол нәрсенің болмауына нұсқау болып табылмайды. Әрі шәууал айының алты күніндегі ораза туралы хадистер сахих болып табылады және оларға көптеген имамдар сүйенген.

Саубаннан (Аллаһ оған разы болсын)Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Аллаһ бір игі амал үшін берілетін сый-сауапты он есе етті, әрі бір ай ораза он ай секілді, ал рамазаннан кейін тағы алты күн ораза ұстау бір жыл сияқты». Абу әш-Шейх “әс-Сауаб”. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген.

Рамазанның отыз күні үш жүз күн сияқты, ал шауәлдің алты күні алпыс күн секілді, міне, осыдан үш жүз алпыс күн (бір жыл) шығады.

Бұл ұлы сауапқа ие болу үшін, шәууал айында қатарынан алты күн бойы ораза ұстау қажет емес. Бұған дәлел жоқ. Бұл алты күндегі оразаны, бұл туралы шейх Сыддық Хасан Хан айқанындай, шәууалдің барысында (күндердің ара-арасын) үзіп ұстауға болады. Қз.: “ар-Раудату-ннадийя” 1/555.

Шейх Ибн Усаймин шәууалдің алты күні үшін сауап алу үшін алдымен Рамазанда толық ораза ұстау қажет, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Рамазан айында ораза ұстап, содан соң оған шәууал айының алты күнінде (ұсталатын) оразыны қосса, сол бір жыл бойы ораза ұстаған секілді болады», — деп айтқан дейді. Муслим 1164.

Осылайша, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шәууал айының оразасы үшін берілетін сауапты рамазан айымен байланыстырды, әрі кім осы сауапқа ие болғысы келсе, алдымен Рамазанның оразысын өтеуге тиіс. Қз.: «Шархул-мумти’» 6/448.

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақтар болсын!

Дереккөз:«Саляф – Форум»

Қазақ тіліне аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

Share

You may also like...